Ералиев ауылдық округінің күрес залы қайта жабдықталды

  Ералиев ауылдық округінің күрес залы қайта жабдықталды. 2020 жылы  ауылдың жас спортшыларға арналған балалар мен жасөспірімдердің күрес залы ашылған болатын.  Бүгінде күрес залында 50 жасөспірім  күрестің қыр — сырына қанығып жаттығып, алғашқы нәтижелерін аудандық жарыстарда топ, жарып көрсетуде.

   Жас спортшыларға осындай үлкен мүмкіндік сыйлаған «Батыр боламын» қоғамдық қоры 28 млн жұмсалған қаражатқа татами кілемі, қауіпсіздік үшін қоршаулар, арнайы киімдер алып берген. Бұл қуанышқа аудан және ауыл басшылығы, ауыл тұрғындары қатысты.

     Аудан әкімі  Қанат Шубайұлы Қожықаев, Ералиев ауылының ақсалдар алқасының төрағасы Мұхамедқали Азбаев, “Батыр болашақ” қоғамдық қорының президенті Ернұр Сәбікенұлы, кордың негізін қалаушы Арман Балкенұлы Уахат, қордың абсаттары Бектұрсын Нұрдәулет, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Абылайхан Қайратұлы Жүсіпов құттықтау сөз сөйлеп, маңызды шараның жастарға берер мүмкіндігін атап өтті.

      Күрес залының жаңа сипатқа енуіне күш қосқан қор жетекшілеріне және қонақ болып келген спортшыларға қазақы дәстүрмен иықтарына шапан жабылды.

      Қор жетекшілерімен кездесу соңында лауазымды қонақтар О.Әлібаев атындағы мектеп оқушыларымен жүздесу өткізді. Өмірлік тәжірибелері мен жетістіктерін әңгімелеген спортшылар оқушылардың да сұрақтарына жауап берді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *