Өнер мен ұстаздықты ұштастырған жол

Эстрадалық вокал пәнінің мұғалімі, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Нұрдәулет Сәрсенбайұлы Кәдірбекпен сұхбат

Нұрдәулет Сәрсенбайұлы Кәдірбек 1993 жылы 27 наурызда Жаңаарқа ауданында дүниеге келген. О.Жұмабеков атындағы тірек мектебінде білім алған. Қарағанды қаласындағы Тәттімбет атындағы өнер колледжінің эстрадалық вокал бөлімінде оқып, студенттік шағында Алматы мен Астана қалаларынан қосымша педагогтардан тәлім алды.
2015 жылы «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы аясында Жаңаарқа ауданына оралып, тұрғын үй алып, еңбек жолын бастайды. Бір жыл жұмыс істеген соң білімін жалғастыру мақсатында Алматы қаласына барғанымен, түрлі себептерге байланысты туған жеріне қайта оралады. Содан бері үздіксіз педагогикалық қызметпен айналысып келеді.Осы уақыт ішінде Қарағанды қаласындағы академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Ұлттық зерттеу университетінде педагогика психология мамандығы бойынша жоғары білім алып, биыл Омбы қаласында осы мамандық бойынша магистратураны сырттай тәмамдады. Қазіргі таңда балалар өнер мектебінде тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарады.

 -Нұрдәулет Сәрсенбайұлы, отбасыңыз жайлы айтып өтсеңіз?

– Әкем Сәрсенбай Кәдірбеков 1965 жылы дүниеге келген. Кеңес үкіметі кезінде алған тракторист мамандығы бойынша куәлігі бар, қазіргі таңда ауруханада жүргізуші болып жұмыс істейді. Анам Айнагүл Омарова 1972 жылы дүниеге келген. Ата-анам бізді өмірге әкеліп қана қоймай, бар жағдайымызды жасап, тәрбиелеп, оқытты. «Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай» -өсірді десем артық айтқаным емес. Қазіргі жеткен жетістіктерімнің барлығы – сол кісілердің маңдай терінің нәтижесі. Бізді жеткізді, оқытты, адам қылды. Сол еңбекті ақтау – біздің перзенттік міндетіміз.Үлкен бауырым Бақдәулет Кәдірбеков Қарағанды қаласында өрт сөндіру бөлімінде құтқарушы болып қызмет атқарады. Екінші бауырым Жандәулет Кәдірбеков ауданымыздағы көпбейінді орталық аурухананың КТА бөлімінде еңбек етеді, яғни медицина саласының маманы. Екі бауырым да отбасылы, бала-шағалы, өз салаларында адал еңбек етіп жүр.

 -Егер бұл сала болмаған жағдайда, өзіңізді қай салада елестетесіз?

– Егер бұл мамандықты таңдамағанымда, денсаулық сақтау саласында өзімді елестетер едім. Ауруханада еңбек етіп, хирург немесе невропатолог мамандығын меңгеру ойымда болған. Маған жан-жақты салалар әрдайым қызық. Кейде іштей «неге сол бағытты таңдамадым екен?»- деген ой келетіні де жасырын емес. Сонымен қатар, актерлік өнерді оқып, сахналық бағытта білім алғым келген кездер де болды. Жалпы алғанда, мені жан-жақтылық қызықтырады, үйренуге, ізденуге әрдайым дайынмын. -Өмірдегі басты құндылықтарыңыз қандай?

– Өмірдегі ең басты құндылығым – отбасым. Өзім әзірге шаңырақ көтермегенмін, алайда ата-анам, екі бауырым, екі келінім, бауырларымнан тараған балалар – мен үшін ең қымбат жандар. Отбасымды әрдайым бірінші орынға қоямын. Олар үшін қолымнан келгеннің бәрін жасауға дайынмын. Отбасы тақырыбы – мен үшін шексіз әңгіме.-Алдағы уақытта қандай арман-мақсаттарыңыз бар?–Алдағы мақсатым – өзім қызмет етіп жүрген мектептің дамуына, өркендеуіне бар күшімді салу. Алты ай уақытша басшылықта болғанымда біраз жұмыстар атқардым, әлі де жүзеге асырғым келетін жоспарларым көп. Қазір де өз қызметіме жауапкершілікпен қарап, адал еңбек етіп жүрмін. Алда да тоқтамай, алға жылжи беремін.

-Бірінші орын алған шәкірттеріңізді құттықтаймыз. Осы байқау туралы айтып өтсеңіз.-орын алған оқушыларыңыздың вокалдық ерекшеліктері қандай?

– Астана қаласында өткен «Достар фест» байқауына қатыстық. Атауы халықаралық болғанымен, негізінен Қазақстан көлемінде өтеді. Біз байқауларға өз деңгейімізді бағалау үшін қатысамыз. Бұл жолы үш шәкірт апардым: Мөлдір Амантаева, Сағындық Шубай, Еркежан Ерболатқызы. Нәтижесінде Еркежан Ерболатқызы – І орын, Сағындық Шубай – Гран-при, Мөлдір Амантаева – І орын иеленді. Мөлдірден Гран-при күткен едім, алайда қарсыластары колледж студенттері болды да жас ерекшеліктері айқын көрінді. Бәсеке жоғары деңгейде өтті. Соған қарамастан, өз жас деңгейінде өте жақсы өнер көрсетті. Мен эстрадалық вокал бағытымен жұмыс істеймін. Бұл бағытта түрлі тілде, әр түрлі жанрда ән айту маңызды. Қазақ, орыс, ағылшын, испан тілдеріндегі әндерді орындаймыз. Бірақ әр ән баланың жасына, дауыс мүмкіндігіне, қабылдау деңгейіне сай болуы тиіс. Сағындық Шубай Сейдулла Байтерековтың, Еркежан Ерболатқызы Қарақат Башанованың, Мөлдір Амантаева «Гаухартас» тобының әндерін орындады. Барлық әнді балалар өз қалауымен таңдады.

-Байқауға қанша уақыт дайындалдыңыздар?

– Бұл байқауға шамамен бір жыл көлемінде дайындалдық. Әр екі ай сайын емтихан тапсырып, репертуарымызды нақтылаймыз. Сол себепті біз жыл бойы кез келген конкурсқа дайынбыз деуге болады.-сахнада балалардың қорқынышын қалай жеңесіз?– Әр баланың мінезі әртүрлі, сондықтан ұстаздың әдіс-тәсілі де көп болуы керек. Кейде баламен балаша, кейде үлкен адамша сөйлесу қажет. Қажет кезде талап қоямын, қажет кезде еркелетемін. Ең басты қағидам – қайталау. Қайталай берсең, нәтиже міндетті түрде болады. Сол себепті күнделікті жаттығу мен дайындыққа үлкен мән береміз.

-Байқауда есте қалған ерекше сәт болды ма?

– Мен үшін ең әсерлі сәт – осыдан бес жыл бұрын білім алып, түлеп ұшқан шәкіртімді көру болды. Ол Жезқазған қаласында оқиды, сол байқауда бас жүлдені жеңіп алды. Сонымен қатар, өзге мамандықты таңдаса да, өнерден қол
үзбей жүрген шәкірттерімді көру – мен үшін үлкен мақтаныш.-бұл байқау балаларға қалай әсер етеді деп ойлайсыз?– Мұндай байқаулар балалардың өзіне деген сенімін арттырады, сахна мәдениетін қалыптастырады. Олар жеңісті де, жеңілісті де дұрыс қабылдауды үйренеді. Ең бастысы – еңбекқорлыққа, мақсат қоюға, өз-өзін бағалауға тәрбиелейді.
Қортындылай келе, Нұрдәулет Сәрсенбайұлы Кәдірбектің өмір жолы – өнер мен ұстаздықты қатар алып жүруге болатынын дәлелдейтін жарқын үлгі. Бастапқыда сахнаға деген құштарлықпен келген ол бүгінде сол өнерді шәкірттерінің жүрегіне жеткізіп, олардың талантын ашуға бар күш-жігерін арнап келеді. Қиындықтар мен күмәнді
кезеңдерден өтіп, өз орнын тапқан ұстаз үшін ең үлкен жетістік – шәкіртінің жеңісі мен алғысы. Оның еңбегі байқаудағы жүлделермен ғана емес, өнерден қол үзбей, өмірдің әр саласында өзін таба білген түлектерінің жетісті
гімен өлшенеді. Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруді өмірлік миссиясына айналдырған Нұрдәулет Сәрсенбайұлы алдағы уақытта да өнер мектебінің дамуына үлес қосып, талай талантты шәкірттің жолын ашатыны сөзсіз.

Сәнім Асхатқызы

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *