ҰЛЫТАУ – КӨШ БАСЫНДА

Бүгін өткен ҚР Үкіметінің отырысында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары шығарылып, 2023 жылғы қаңтар-ақпандағы Республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі ұсынған баяндамаға сәйкес, Ұлытау облысы негізгі капиталға инвестициялардың өсуі бойынша көшбасшы болып табылады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда олар 73,6%-ға өсті.

Сондай ақ, біздің өңір – өңдеу өнеркәсібіндегі өсу бойынша көшбасшылар қатарында. Экономиканың осы секторындағы өсу серпіні өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,3%-ға ұлғайды. Бұл республика бойынша үшінші орын.

Бұдан басқа, құрылыс секторында: біздің өңірде де, жалпы Қазақстан бойынша да өсім байқалды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Ұлытау облысында құрылыс өсімі 3,6% құрады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *