Халықаралық экология саммитінде Арал мәселесі талқыланады – Президент

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Кіші Аралдың қалпына келуі бүкіл Сыр өңірін одан әрі көркейтеді. Бұл туралы Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.

— Біз су мәселесімен жүйелі айналысуымыз керек. Мен былтыр БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құруды ұсындым. БҰҰ-ны реформалау барысында осы мәселені алға қарай жылжытуымыз қажет. Алдағы сәуірде Астанада Халықаралық экология саммиті өтеді. Жиында Аралды құтқару қорына мүше мемлекеттер басшыларымен Арал мәселесін талқылаймыз, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы орайда Мемлекет басшысы Кіші Аралдың қалпына келуі бүкіл Сыр өңірін одан әрі көркейтуге жол ашатынын айтты.

Айта кетейік, Құрылтайда кәсіпкерлікке жеңілдетілген несие жүйесін енгізу ұсынылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *