Өз құқығыңды біл, оқушы!

Бүгін №1 лицей мектебінде «Заң мен тәртіп» қауіпсіздік Қазақстан үшін айлығы аясында «Заң қарапайым тілмен тақырыбында» арнайы заң саласының мамандарымен жүздесу өткізілді. Басты мақсаты – заң талаптарын жастарға қарапайым, түсінікті тілмен жеткізу, заң қызметкерлерінің тәжірибесі арқылы құқықтық жауапкершілікті түсіндіру болды.

     Кездесу барысында мамандар оқушыларға құқық бұзушылық түрлері туралы және оның салдары жайында егжей-тегжейлі әңгімеледі. Әшейін ермек деп ойлап еркіндігінен айырылып, болашағына балта шаппау үшін оқушыларға құқықтық сауатын ашу өте маңызды. Құқық бұзушылық ұсақ және ауыр секілді дәрежелерге бөлінгенімен мұның барлығы жастардың денсаулығына, болашағына, өмірден өз орнын табуға кесірін тигізеді.

     Оқушылар да өздерін мазалаған сұрағын қойып, тиісті жауаптарын алды.

 Кездесу жайында толық газетіміздің осы сенбі күні жарық көретін №3 санынан оқи аласыздар.   

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *