Бокс

7-10 қаңтар күндері Жезқазған қаласында жасөспірім қыздар арасында бокстан Ұлытау облысының чемпионаты өтті.
Жарыс нәтижесі бойынша І орынды Айзере Жұмақай, Айлы Медетқызы, Жұлдызай Даниярқызы, Риза Жасұланқызы иеленді. ІІ орынды Асылай Жеңіс, Айару Батарбек, Үмітай Жасұланқызы, Аяулым Сайдулла иеленді. ІІІ орынды Раяна Ғани, Талшын Бөгенбай, Шахназым Бахауатова, Айзере Мұратбек иеленді.
Жеңімпаздарды Шыңғыс Сәлкенұлы, Жандос Рымбеков, Мәди Қоранов, Қайрат Хасенов, Қанат Кіштаевтар дайындады. Жас боксшы қыздарымыз бұл жарыста өте жарқын жеңістерге қол жеткізді.
Аталған іріктеу сайысынан өткен спортшылар алда өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына жолдама алды. Алдағы уақытта Ұлытау облысының атынан өнер көрсететін болады.
Барша жеңімпаздар мен бапкерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Жеңістеріңіз көп болсын!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *