Ой ойнатқан — тоғызқұмалақ
8-11 қантар күндері а у д а н ы м ызда тоғызқұмалақтан ерлер және әйелдер арасында Ұлытау облысының жекелей чемпионаты өтті. Жарыстың ашылуына қатысқан «Ұлытау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ-нің «Облыстық дене шынықтыру және спортты дамыту орталығы» КММ басшысы Д.М.Уатаев, «Ұлттық спорт түрлері бойынша ОБЖСМ» басшысының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары А.А.Қарабаев, Ұлытау облысының тоғызқұмалақ федерациясының вице-президенті, Ұлытау облысының аға бапкері С.М.Мейізбеков сөз сөйлеп, А.Сейдімбек атындағы ЖББМ ұйымдастырған өнерпаз оқушылар тамаша күй тартып, ән шашу тарту етті. Облысымыздың 60-тан астам спортшысы арасында өткен тартысты дода жоғары денгейде өтіп, шеберлікпен нағыз тартысты ойындарға толы болды. Классикадан ерлер арасында 1 орынды Руслан К а з и м о в (Жаңаарқа әкімшілігі), 2 орынды Рауан Аманжан (Жаңаарқа С.Сейфуллин атындағы ЖББМ), 3 орынды Қасым Асылан (Ұлттық спорт түрлері бойынша ОБЖСМ), 3 орынды Ералы Марғұлан (Сәтбаев қаласы) алды. Әйелдер арасында 1 орынды Жансая Қуантаева (Жаңаарқа №1 мектеп-лицей), 2 орынды Нұргүл Бейсембекова (Сәтбаев қаласы), 3 орынды Таңшолпан Шаршабекова (Ұлттық спорт түрлері бойынша ОБЖСМ), 3 орынды Інжу Құдайберген (Жаңаарқа ауданы С.Сейфуллин ауылы) иеленді.
Рапидтен ерлер арасында 1 орынға Әсет Ізбасар (Ұлттық спорт түрлері бойынша ОБЖСМ), 2 орынға Айдархан Нұрболат ( Жаңаарқа Е.Шаханов а т ы н да ғ ы ТМ), 3 орынға Е р а л ы Марғұлан (С ә т б а е в қаласы), 3 о р ы н ғ а
Мұхаммедәли Кимашев (Жаңаарқа Б.Амалбек атындағы ТМ) тұрақтады.
Әйелдер арасында 1 орын Нұргүл Бейсембекова ( Сәтбаев қаласы), 2 орын Нұршат Ауданбай (Жаңаарқа №1 мектеп лицей), 3 орын Зере Қанат (Жаңаарқа А.Сейдімбек атындағы ЖББМ), 3 орын Наргүл Кимашева (Жаңаарқа Б.Амалбек атындағы ТМ) иеленді. Блицтен ерлер арасында 1 орынды Мұхаммедали Кимашев (Жаңаарқа Б.Амалбеков атындағы ТМ), 2 орынды Нұрхат Мейрам (Жаңаарқа А.Сейдімбек атындағы ЖББМ), 3 орынды Рамазан Мейрам (Жаңаарқа А.Сейдімбек атындағы ЖББМ), 3 о р ы н д ы Рауан Аманжан (Жаңаарқа С.Сейфуллин
атындағы ЖББМ) иеленді.
Әйелдер арасында 1 орынды Ауданбай Нұршат (Жаңаарқа №1 мектеп лицей), 2 орынды Таңшолпан Шаршабекова (Жаңаарқа Ұлттық спорт түрлері бойынша ОБЖСМ), 3 орынды Жансая Қуантаева (Жаңаарқа № 1 Мектеп Лицей), 3 орынды Аянат Мырзахан (Жаңаарқа ауданы С.Сейфуллин ауылы) жеңіп алды. Барлық бірінші орын жеңімпаздары Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер атанды.
Жарыс соңында Жаңаарқа ауданы әкімнің орынбасары Әсет Аманжолов және Ұлттық спорт түрлері бойынша ОБЖСМ басшысы Алмас Ахметов жарыс жеңімпаздары және жүлдегерлерін жеткен жетістіктермен құттықтап, Ұлытау облысының жоғары дәрежелі мадақтамасымен және медальдармен марапаттады.
С.МЕЙІЗБЕКОВ,
Ұлытау облысының тоғызқұмалақ федерациясының вице-президенті,
Ұлытау облысының аға бапкері