ӨҢІРЛЕР ТЫНЫСЫ – ДАМУ БАРОМЕТРІ
Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен әкімдермен және мемлекеттік органдардың басшыларымен өткен отырысқа қатысты.
Жиында ел өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер қарастырылды. Қазақстан халқына Жолдауында айтылған міндеттердің іске асырылуына және Президенттің бұған дейін берген тапсырмаларының орындалуына ерекше назар аударылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдер мен мемлекеттік органдар басшыларының назарын азаматтармен өзара іс-қимылды күшейту, кездесулер мен жеке қабылдаулар өткізу қажеттілігіне аударды.
Тұрақтылық бар жерде ғана даму, өркендеу болады. Ел бірлігі – реформаларды табысты жүзеге асырудың басты кепілі. Сондықтан ырысты ынтымақпен білек сыбана жұмыс істеуіміз қажет. Мемлекетті жан-жақты жаңғыртуға қатысты жұмыс болашақта жалғасын табады. Осы орайда мен бірқатар тың бастамаларды ойластырып жатырмын. Оны сайлаудан кейін жария етемін, – деп Президент сөзін қорытындылады.