Ақпаратқа жанашырлық – елдік ұстанымның белгісі

Шынайы қолдау – шынайы жанашырлық белгісі. Аудандық «Жаңаарқа» газетінің таралымына үлес қосып, ақпарат саласын қолдағаны үшін С.Сейфуллин атындағы мектеп ұжымына және А.Сейдімбек атындағы мектеп ұжымына шынайы ризашылығымызды білдіреміз.

Мектепте еңбек ететін ұстаздар қатары аз болса да, газетке толық ұжым болып жазылып, ел тынысын жеткізетін басылымға жанашырлық танытты. Бұл – аудандық бұқаралық ақпарат құралдарына деген сенім мен құрметтің көрінісі. Осындай шынайы қолдауға қарап, елдік рухты, ақпараттың маңызын бағалай білетін білім ордасының биік ұстанымын байқаймыз.

А.Сейдімбек мектебінің директорының міндетін атқарушы Жангүл Мырзаханқызы Қоңқашеваның және С.Сейфуллин атындағы мектеп директоры Рысқали Серікбайұлы Рахымовтың басшылығымен жасалған бұл қадам – басылымның қоғамдық маңызын жоғары бағалай білетін елжанды ұстаздардың парасаттылығын танытады. Сондай-ақ, газетке жазылуда белсенділік танытып, қолдау көрсеткен әр ұстазға ерекше алғысымызды білдіреміз. Мұндай жанашырлық – аудан өмірінен сыр шертетін, елдің тыныс-тіршілігін насихаттайтын басылымға деген шынайы құрметтің көрінісі

Алғысымыз шексіз!Сіздерге шығармашылық табыс, берекелі бірлік, сапалы білім мен жетістіктер тілейміз. Қашанда елге үлгі болып жүре беріңіздер! Ақпаратты қолдау – елдікті қолдау. Мектеп ұжымына шығармашылық табыс, еңбекте жетістік, бірлік пен береке тілейміз!

Құрметпен “Жаңаарқа” газетінің ұжымым

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *