Бүгін Ұлытау селосындағы «Сапар» орталығында ерекше рухани шара өтті! 📚✨
Бүгін Ұлытау селосындағы «Сапар» орталығында ерекше рухани шара өтті! 📚✨
Белгілі ақын, жазушы, Қазақстанның Құрметті журналисі Батырбек Мырзабековтің «Тау түбіндегі ауыл» атты кітабының тұсаукесері жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Шара барысында автор туралы бейнебаян көрсетіліп, әдебиет үйірмесінің жастары ақынның жүрекжарды өлеңдерін оқыды.
Ал Тайжанның «Ұлытау» әнін Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ғалым Мұхамедин орындап, жиынға ерекше сән берді. 🎶
Кітаптың жарық көруіне қолдау көрсеткен меценат азаматтарға алғыс айтылып, қонақтар жылы лебіздерімен бөлісті. Соңында жаңа кітаптың лентасы қиылып, оқырманға жол ашылды.
«Тау түбіндегі ауыл» – Ұлытаудың қадірін, ауыл адамдарының болмысын, қарапайым тірліктің даналығын суреттеген шынайы туынды.
Ұлытаудың рухын көтеретін, елді бірлікке үндейтін осындай жақсы жаңалықтарымыз көбейе берсін! 🤲
#Ұлытау #Тұсаукесер #ЖаңаКітап #БатырбекМырзабеков #Руханият