Үкімет отырысы өтеді
Сейсенбі, 14 наурызда, сағат 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.
Күн тәртібінде:
1. 2023 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және республикалық бюджеттің атқарылуы;
2. Жастар саясатын дамыту тұжырымдамасы;
3. Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар.
Отырыстың тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter әлеуметтік желілерінен көре аласыздар.
Сондай-ақ онлайн-трансляция UKIMET Telegram-каналында жүреді.