ЖАС КӘСІПКЕР АУЫЛДА ЖАҢА ІСТІ ҚОЛҒА АЛДЫ
2024 жылы аудан әкімінің грантын иеленген Қияқов Ербол Бидайық ауылдық округінде өз кәсібін ашып, ауыл жастарына үлгі болды. Оның бастамасы ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізіп, жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік берген еді. Жас кәсіпкердің маңызды қадамы ауыл тұрғындарының қолдауына ие болып, қоғамда белсенділік тудырды.
Жаңа нысанның ашылу салтанатына бірқатар құрметті меймандар қатысты. Олардың қатарында аудандық мәслихат депутаты Бекболат Ерболатұлы, Ішкі саясат бөлімінің басшысы Жалғасбек Жәнібекұлы және Жастар ресурстық орталығының директоры Тәттімбекқызы Еркегүл болды. Қатысушылар жас кәсіпкерге сәттілік тілеп, оның еңбегіне жоғары бағасын берген.
Ербол өз сөзінде мемлекеттік қолдаудың арқасында арманындағы кәсібін ашқанын атап өтті. Ол көрсетілген көмектің маңыздылығына тоқталып, қолдау білдірген барлық азаматтарға алғысын жеткізген болатын. Бұл жоба ауыл жастарына үлкен мотивация беріп, олардың кәсіпкерлікке деген қызығушылығын арттырды.
Бидайық ауылында іске қосылған жаңа нысан – жастардың табандылығы мен мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың жарқын көрінісі. Бұл бастама ауыл экономикасының дамуына серпін беріп, жергілікті тұрғындардың әлеуметтік жағдайының жақсаруына үлес қосты. Жас кәсіпкерлердің осындай қадамдары ауылдардың болашағына жаңа үміт сыйлап, өңірдің өркендеуіне жол ашты.