Су тасқыны – бақылауда

2023 жылдың 10 наурызында облыс әкімінің орынбасары Ұ.Үсеновтің төрағалығымен Ұлытау облысы аумағындағы су тасқыны кезеңінің төтенше жағдайларды алдын алу, халықты қорғау мақсатында облыс өңірінің әкімдері, басқармалар және құзыретті мекеме басшыларының қатысуымен 2023 жылғы су тасқыны кезеңі өту барысы тақырыбында жиын өткізілді.

Жиын барысында облыс аумағындағы су тасқыны кезеңінің өту барысы туралы қала және аудан әкімдерінің баяндамалары тыңдалып, төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюға бағытталған қосымша тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар, «ҚазАвтоЖол» АҚ Ұлытау филиалы мекеме басшысына және облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына республикалық және облыстық маңызы бар жолдардың су өткізу құбырлары мен көпірлерді тазалау жұмыстарын жалғастырып, бақылауда ұстау керектігін жеке атап өтілді.
Жиын соңында барлық құзыретті мекемелерге төтенше жағдайларды алдын алу жұмыстарын қатаң бақылауға алу тапсырылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *