Тақырып өзегі – интернеттегі алаяқтық
Облыстық полиция департаменті, прокуратура, қоғам белсенділері, БАҚ өкілдері және қаламыздағы екінші деңгейлі банктердің басшылары бас қосқан жиын өтті. Жиын барысында облысымызда интернет алаяқтық қылмысының алдын алу мәселесі талқыланды.
Мұндай жиын былтырғы жылы бірнеше рет өткізілген. Осындай жиындар өз нәтижесін беруде. Былтырғы жылмен салыстырғанда биыл интернеттегі алаяқтық қылмысы облыс бойынша 30 пайызға азайды. Полиция қызметкерлері облыс тұрғындарын алаяқтардың әрекетінен сақтандыру мақсатында профилактикалық іс-шараларды жиі өткізуде.
Учаскелік полиция инспекторлары өздерінің әкімшілік аумақтарында дүкен, сауда орталығы және тұрғындарға интернет алаяқтарынан сақтануға жадынама таратып, бейнероликтер арқылы жеткізуде.
Жиын барысында банк қызметтерімен бірлесіп жұмыс істеуге, сақтандыру шараларын күшейту жолдары қарастырылды. Әрбір банк қызметтері тұтынушыға алаяқтардың арбауына түсіп қалмау мақсатында ескерту жұмыстарын алдын ала жүргізу мәселесі талқыланды. Сонымен қатар мобильдік қосымшасы арқылы онлайн несие рәсімдеу кезінде барынша сақ болуға шақырды.