Президент Ұлытау облысының Ауыл шаруашылығы еңбеккерін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады
Бүгін Астана қаласында Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің II форумы өтті. Аталған іс-шараға Ұлытау облысынан 30-ға жуық фермер, диқан және ауыл шаруашылығы саласының өкілдері қатысты.
Осы айтулы жиында жерлесіміз Мұханбетжанов Асқар Әлиұлы «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды. Асқар Әлиұлы – Жезқазған қаласында орналасқан «Аяс» шаруа қожалығының басшысы. Қожалықтың негізгі қызмет бағыты – мал шаруашылығы.
Асқар Әлиұлы өңірде ұйымдастырылатын мәдени және қоғамдық-саяси іс-шараларға белсене атсалысып, жәрмеңкелерде халыққа сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсынып келеді.
Көп жылдық тәжірибесі бар кәсіпкер ретінде ол ұжым арасында да, жергілікті тұрғындар арасында да зор құрмет пен беделге ие.