Ұлытауда мал ауырмайды
Жаңа нысан ауыл тұрғындары мен мал шаруашылығымен айналысатын азаматтарға сапалы ветеринариялық қызмет көрсетеді. Пункт аумағында ветеринария мамандарының жануарларды егу және емдеу жұмыстарына арналған арнайы ауламен қамтамасыз етілген. Енді жергілікті тұрғындар жануарлар ауруларын алдын алып, емдей алады.
Бүгінде Ұлытау облысы бойынша барлығы 35 ветеринариялық пункт жұмыс істейді. Олардың барлығы аудандық әкімдіктер мен ветеринариялық станциялардың ғимараттарында орналасқан. Ал Түгіскен ауылындағы жаңа пункт – жеке ғимарат ретінде ауыл сыртында орналасқан алғашқы нысандардың бірі.
Бұл жоба — Ұлытау облысында ветеринария саласын дамыту, жануарларды қорғау және ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін арттыру бағытындағы маңызды қадам болып табылады.
Айта кету керек, келесі жылы 18 ветеринариялық пункт және бір ветеринариялық станса салу жоспарда бар.
Ұлытау облысы