Ұлытау облысында қой тұқымын асылдандыру жобасы жүзеге асырылып жатыр

ЖЕЗҚАЗҒАН. KAZINFORM — Облыстағы аграрлық саланы дамыту бағдарламасы аясында 5 000 басқа арналған қой шаруашылығы жобасы жүзеге асырылуда. Жоба мал шаруашылығында заманауи технологияларды енгізуге бағытталған.
Жобаның негізгі мақсаты – жайылымдық ресурстарды тиімді пайдалану және қой басының генетикалық әлеуетін жақсартуға негізделген тұрақты әрі бәсекеге қабілетті шаруашылық моделін құру.
Қазіргі таңда 3 мыңнан астам қой сатып алынып, ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ветеринариялық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше көңіл бөлінген.
Жобаны сәтті жүзеге асыру аймақтың аграрлық саласының дамуына елеулі үлес қосып, өндіріс көлемін арттыруға және отандық қой шаруашылығының ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға мүмкіндік береді.