Аймақ басшысы азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады

Ұлытау облысының әкімі Б.Әбдіғалиұлы азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдауды өткізді.

Т.Құдайбердіев өңір басшысына мүгедектік және одан әрі еңбекке жарамдылық туралы сұрақтармен жүгінді.

Жауапты тұлғалар ағымдағы жылдың 27 ақпанында азамат МӘСК-ке қайта куәландыруға жіберілгенін баяндады. Науқасқа мүгедектіктің III тобы анықталды. Егер Жезқазған комиссияның бұл шешімімен келіспесе, онда ол Еңбек және әлеуметтік қорғау Комитетінің департаментіне өтінішпен жүгінуге құқылы екендігі түсіндірілді.

Сондай-ақ, азамат коммуналдық қызметтер үшін негізсіз қарыздарды есептеу фактілері туралы мәлімдеді. Б.Әбдіғалиұлы осы мәселені мұқият зерделеп, пысықтауды тапсырды. Осыдан кейін облыс басшысына орындау бойынша ақпарат беріледі.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлытау облысының әкімі Б.Әбдіғалиұлы әр бейсенбі сайын сағат 17:00-ден бастап азаматтарды қабылдайды.

Алдын ала жазылу 8 (7102) 73-56-41 телефоны бойынша жүзеге асырылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *