Ұлытау облысында ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев жастармен кездесті

2025 жылғы 23 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Ұлытау облысының жастарымен кездесті.

Іс-шараға облыстың белсенді жастары, жас мамандар, мемлекеттік қызметкерлер, жастар ресурстық орталықтарының өкілдері, студенттер мен жоғары сынып оқушылары қатысты. Кездесуді Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Зина Жұманазарқызы Ақылбекова жүргізді.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған басым бағыттарды өңірлік деңгейде жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Жастардың инновациялық бастамаларын қолдау, білім алу мүмкіндіктерін кеңейту, әлеуметтік жобаларға қатысуға жағдай жасау – Жолдаудағы маңызды бағыттардың бірі екендігі айтылды.

Жиын барысында Жезқазған қаласы жастар ресурстық орталығының директоры Сәкен Қайратов пен Сәтбаев қаласы мәслихатының депутаты, «Ұлытау жастары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дәулет Сейтпеков сөз сөйлеп, жастар саясатын дамытуға қатысты пікірлерін білдірді.

Қорытынды сөзінде ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев:
«Жаңа Қазақстанды құру ісінде жастардың рөлі ерекше. Олар тек көрермен емес, нақты өзгерістердің бастамашысы әрі қатысушысы болуы тиіс. Жастардың әлеуетін арттыруға мемлекет барлық жағдайды жасайды», – деп атап өтті.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары Зина Ақылбекова жастардың қоғамдық өмірдегі белсенділігін арттырудың маңыздылығын ерекше атап өтіп, кездесуге қатысқан барлық тараптарға алғыс білдірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *