Сабақ үстінде оқушы мен мұғалімге ұялы телефон пайдалануға тыйым салынады
Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығында көрсетілген.
«Мұғалімнің шешімі бойынша сабақта оларды қолдану қажеттілігін есепке алмағанда, білім алушылар мен педагогтар сабақтарда мобильді байланыс құралдарын пайдаланбайды», — делінген бұйрықта.
Бұйрық 28 наурызға дейін көпшіліктің жария талқылауында болады.