ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Бүгін – ел тыныштығы мен халық қауіпсіздігі жолында аянбай еңбек етіп жүрген ер жүрек жандардың кәсіби мерекесі.Құтқарушылардың батылдығы мен жанқиярлығы – адам өмірін сақтап қалудың символы.
Су тасқыны, өрт, табиғи апат, төтенше жағдай – бәрінде де сіздер ең алдыңғы шептесіздер. Қауіптің ортасында жүріп, өзгеге көмек қолын созу – нағыз ерліктің белгісі.
Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен жауапкершіліктеріңіз қоғам үшін ерекше үлгі. Қай кезде де сабыр мен салқынқандылық танытып, адамдардың өміріне араша болу – үлкен мәртебе.
Осы мерейлі күні барша құтқарушыларға зор денсаулық, отбасыларына амандық, қызметтеріне сәттілік тілейміз. Әр сәт сайын аман оралыңыздар, әр күніңіз тыныш өтсін!
Ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге алғыс білдіреміз!