Головкин мен Канелоның үшінші айқасы кейінге қалды
Мексикалық боксшы Сауль Канело Альварес ресейлік Дмитрий Биволдан ойсырай жеңілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Лас-Вегаста (АҚШ) жеңіліп көрмеген WBA чемпионы, ресейлік Дмитрий Бивол (19-0, 11 KO) мен екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы, мексикалық Сауль Альварестің (57-1-2, 39 KO) айқасы өтті.
Жекпе-жек ресейліктің жеңісімен аяқталды. Бұл ресейлік чемпионның мансабындағы 20-сыншы жеңісі, ол әзірге жеңіліп көрген жоқ.
Мексикалық кәсіби мансабында екінші рет жеңілді. Айқас 12 раундқа созылды.
Ресейлік боксшы ұпай санымен жеңді, төрешілер бірауыздан оған дауыс берді. Айқастан кейін мексикалық бірден реванш сұрап, ресейлік оған келіскен.
Альварес осы жолы жеңсе, күзде қазақстандық Геннадий Головкинмен кездесуі тиіс еді.
Енді қыркүйекке Сауль Альварес пен Дмитрий Биволдың жартылай ауыр салмақтағы WBA Super әлем чемпионы титулы үшін реванш айқасы жоспарланған. Бұл дегеніміз қыркүйекке жоспарланған «Канелоның» қазақстандық Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) трилогиясы кейінге қалғанын білдіреді.