Жолдауы жастар үшін жаңа серпін берді.

Жастардың білім алуына, еңбекке араласуына, кәсіп бастауына және әлеуметтік тұрғыда қорғалуына баса назар аударылды.
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР
Жолдаудағы негізгі бағыттар:
* Цифрландыру және инновация – IT, жасанды интеллект, стартаптарды қолдау. Бұл жастардың жаңа технологияны меңгеріп, заманауи маман болуына мүмкіндік береді.
* Сапалы білім – техникалық және кәсіби мамандықтарға басымдық беріліп, жоғары оқу орындары мен колледждер еңбек нарығына қажет кадрлар даярлауға бағытталады.
* Жастар кәсіпкерлігі – гранттар, жеңілдетілген несиелер, бизнес-жобаларға қолдау. Бұл өз ісін ашуға ынталыларға үлкен мүмкіндік.
* Аймақтық даму – өңірлерде жаңа жұмыс орындары ашылады, жастардың ауылда қалып, өз жерін дамытуына жағдай жасалады.
* Әлеуметтік қолдау – жастарға арналған тұрғын үй, жатақхана, әлеуметтік жәрдемақыларды жетілдіру қарастырылған.
Жолдаудағы бастамалар жастардың өмір сүру сапасын жақсартуға және қоғамдағы белсенділігін арттыруға бағытталған.
Мемлекет мүмкіндік беріп отыр, ендігі міндет – жастардың сол мүмкіндікті тиімді пайдаланып, ел дамуына үлес қосуы.

Мадина ОРАЗХАН,
Жезқазған қаласы ішкі саясат бөлімінің бас маманы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *