Тасқынға тосқауыл тастүйін

Ұлытау ауданында көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында көше бойындағы суағар арықтарды, өзен бойындағы бөгеттерді, автокөлік жолдары бойындағы су өткізгіштерді қар-мұздан аршу жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта Ұлытау ауылының көшелерін 5 арнайы техника мен 7 адам тазартуда. Ауданда барлығы 15 арнайы техника мен 17 адам жұмылдырылған.

Сондай-ақ, аудан орталығында суағарларды тазалау жұмыстары атқарылуда. Осыған орай, аудан әкімі Аманжол Мырзабековтың бекіткен кестесіне сәйкес, аудан орталығында орналасқан мекеме, бөлім қызметкерлері суағарларды аршу жұмыстарын бекітілген тапсырмаға сәйкес орындалуда.

Көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстары аудандағы барлық кент, ауылдық округтерде жоспар бойынша жүргізілуде.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *