М.ЖҰМАЖАНОВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ПОЛИЦИЯ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
♂️Ауданымызға қарасты М.Жұмажанов ауылдық округінде жаңа учаскелік полиция пункті ашылды.
Ашылу рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Әсет Жұмажанов, жергілікті атқарушы органдар өкілдері, ауыл ақсақалдары мен тұрғындар қатысты.
Жаңа пункт құқық қорғау қызметкерлерінің ауыл халқына жақын болуына, өтініш-шағымдарды дер кезінде қабылдауға және қоғамдық тәртіпті нығайтуға мүмкіндік береді. Нысан заманауи талаптарға сай жабдықталып, учаскелік инспектордың тиімді қызметіне жағдай жасалды.