Денсаулық сақтау вице-министрі Ардақ Амангелдиев бастаған жұмыс тобы Ұлытау облысына келді

  Министрдің тікелей тапсырмасымен өңірдегі медициналық ұйымдардың қызметіне кешенді талдау жүргізіп, жүйелі проблемаларды анықтап және тұрғындар үшін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруды мақсат еткен жұмыс тобының құрамына Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Ұлытау облыстық филиалының директоры Әлия Байтокова да енді.

Облысқа елорда мен Қарағанды медицина университеттерінің өкілдері, сондай-ақ онкология, кардиохирургия, нейрохирургия, травматология, ана мен бала, медициналық-санитариялық алғашқы көмек бағытындағы жетекші республикалық ғылыми орталықтар мен клиникалардың басшылары арнайы шақырылды. Олар бір апта бойы жергілікті мамандармен бірлесіп, аймақтың денсаулық сақтау жүйесін дамыту бойынша қадамдық іс-қимыл жоспарын әзірлеуге атсалысты.

Жұмыс тобы Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Жаңаарқа, Ұлытау ауданының, Жәйрем кентінің стационарлары мен емханаларын аралады. Бас дәрігерлерден кадрмен қамтамасыз ету, ана мен бала өлімін азайту, инфекциялық аурулардың алдын алу, алғашқы медициналық көмектің тиімділігі сияқты өзекті мәселелер бойынша есеп алынды.

Сонымен қатар, ауруханаларды заманауи медициналық техникамен жабдықтау, санитариялық көлік паркін жаңарту және өңірге келген медицина қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету мәселелері де қаралды.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша кеңейтілген отырыс өтіп, анықталған проблемаларды шешуге бағытталған кешенді іс-қимыл жоспары бекітілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *