Ұлытау облысының әкімі Б.Әбдіғалиұлының Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы

Құрметті Ұлытау облысының тұрғындары! Аяулы арулар! 

Көктемнің керемет мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен ең жылы және шынайы құттықтауларымызды қабыл алыңыздар!

8 наурызда қоғамның әртүрлі саласында жемісті еңбек етіп жүрген нәзік жандылардың жетістіктерін атап өту парыз. Шынында да, бүгіндері сіздер игере алмайтын, сіздер табысқа жете алмайтын қызмет түрлерін табу қиын. Сіздердің қатарларыңызда басшылар да, еңбек ардагерлері де, өндірістің озық шеберлері де, бизнес-ханым да, шығармашылық конкурстар мен спорттық жарыстардың барлық түрлерінің жеңімпаздары бар…

Біздер, ер азаматтар, сіздерді әр кез құрмет тұтамыз, әрі ерекше бағалаймыз. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, отбасылық құндылықтарды қорғауды жалғастырғандарыңыз үшін, ошақтың қамқоршысы болғаныңыз үшін тағы да шын жүректен алғыс айтамыз.

Құрметті аналар, ардақты әжелер, асыл жар, аяулы қыздар, әпкелер! 

Сіздердің әр күндеріңіз қымбат адамдардың құрметі мен сүйіспеншілігіне толы бақытты күндер болсын. Әрқашан әдемі және сүйікті болыңыздар!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *