ТҮГІСКЕН АУЫЛЫНДА ВИБРОПЕССТІ АППАРАТ АРҚЫЛЫ КІРПІШ ШЫҒАРАТЫН ШАҒЫН ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

 14 қыркүйек күні Түгіскен ауылында Вибропессті аппарат арқылы кірпіш шығаратын шағын зауыттың ашылу салтанаты өтті.

 Ашылу салтанатына Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары Әсет Жұмажанұлы Аманжолов қатысып, арнайы құттықтады. Сонымен қатар, ауыл ақсақалдары Кашшафидин Шайкөзов, Рахымбай Үмбетов, Қайрат Көпбаев ізгі тілектерін айтып, батасын берсе, ауылдық жас ақыны Ақнар Бекетов арнау өлеңін оқыды. Түгіскен ауылдық округінің Әкімі Саят Смағұлұлы Сәлкебаев арнайы аппаратты салтанатты түрде іске қосып, жиналған қауым кірпіш шығару процесіне куә болды.

  Зауыт иесі — Түгіскен ауылының тұрғыны Ниязалин Ербол Ахметжанұлы. Ербол Ахметжанұлы өз қаражаты есебінен құны 33 млн 500 мың теңгеге SSG-500 маркалы вибропрессті аппарат арқылы кірпіш шығаратын зауыт құрылғысын сатып әкеліп, орнатты. Жалпы зауыт ашуға кәсіпкер өз қаражаты есебінен 80 млн. теңге жұмсады. Аталған зауыт пескоблок, қабырға блоктарын, тротуар плиткаларын, бордюр тастарын құйып шығарумен айналысады. Аталған құрылғы сағатына 500-600 дана, күніне 5000-6000 дана кірпіш шығара алады.

 Қазіргі таңда аталған өндіріс орнында 6 адам тұрақты жұмыс атқаруда. Өндіріс толық қуаттылығында жұмыс істегенде 12-15 адамға дейін тұрақты жұмыс беретін болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *