АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2023 жылғы 7 наурызда сағат 20:14-те «Ұлытау» қосалқы станциясында қатты екпінді желдің салдарынан «Қорғасын» 35 кВ жоғары вольтты желісі ажыратылды.

Сағат 20:16-да «Ұлытау» қосалқы станциясында 10 кВ электр желісі ажыратылды.

Сағат 20:28-де «Сары-Кеңгір» қосалқы станциясында «Алғабас» 35 кВ жоғары вольтты желісі де ажыратылды.

Бұл Ұлытау, Сарлық, Алғабас, Қаракеңгір және Егінді ауылдарындағы кернеудің ажыратылуына әкелді.

Қазіргі кезде барлық ажыратулар жойылып, электр қуаты қалпына келтірілді.

Көктемгі кезеңде қолайсыз ауа райы құбылыстарына ден қою мақсатында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі жұмыс жалғасуда. Облыстың тіршілікті қамтамасыз ету желілері мен объектілерінде кезекшілік жасалды, жауапты тұлғалар анықталды.

Жұмысты осы салаға жетекшілік ететін Ұлытау облысы әкімінің орынбасары басқарады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *