«Жұмысшы мамандықтар» — ел дамуының тірегі
2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы. Бұл бастама қоғамдағы еңбек адамдарының мәртебесін көтеруге бағытталған маңызды қадам. Құрылысшы, механизатор, дәнекерлеуші, агроном, электрик сынды жұмысшылар – ел дамуының тірегі. Оларсыз зауыт та, жол да, жаңа үйлер де болмайды.
Жұмысшы мамандықтарын насихаттау – жастарды еңбекке баулудың ең дұрыс жолы. Себебі елдің өндірісі, ауыл шаруашылығы мен инфрақұрылымы осы мамандардың маңдай терімен көтеріледі. Жұмысшы еңбегін бағалау – қоғамдағы әділдіктің көрінісі. Бұл жыл еңбек адамын дәріптеп қана қоймай, жастарды нақты кәсіпке бейімдеуге ықпал етпек.
Әрбір адал еңбек – құрметке лайық. «Жұмысшы мамандықтар жылы» еңбек адамдарының мәртебесін арттырып, еліміздің өркендеуіне тың серпін береді.