ЖАҢААРҚА АУДАНЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН АУҚЫМДЫ ЖОБА ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

      Жаңаарқа ауданында тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызмет сапасын жақсарту – басты назарда. Осы мақсатта жүзеге асып жатқан маңызды жобалардың бірі – көпбейінді орталық аудандық аурухананың күрделі жөндеуден өткізілуі. Бұл бастама – өңірдегі денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған нақты қадам.

Жоба аясында республикалық бюджеттен 1,4 миллиард теңге көлемінде қаражат бөлініп, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Күрделі жөндеу шеңберінде аурухананың ішкі және сыртқы бөлігі толықтай жаңартылуда. Нақтырақ айтқанда, барлық терезелер мен есіктер ауыстырылып, еденге жаңа линолеум төселеді. Сонымен қатар кәріз жүйесі, электр желілері мен желдету жүйесі заманауи талаптарға сай қайта жаңғыртылуда.

Ғимараттың сыртқы қаптамасы мен шатыр жабындысы да толық жаңартылып, аурухана аумағы абаттандырылатын болады. Бұл – тек сыртқы көрініс қана емес, емделушілер мен медицина қызметкерлері үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған игі шара.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *