МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ЖАҢААРҚА АУДАНЫНДА БОЛДЫ
18 тамыз күні ауданымызға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары А. Әлтай мен Е. Сатыбалды жұмыс сапарымен келді.
Сапар барысында халық қалаулылары Жаңаарқа кенті мен Ералиев ауылдық округінде болып, қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан электр желілері құрылысының барысымен танысты. Жобаның жүзеге асуы ауылдық жерлердің инфрақұрылымын жақсартып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал ететінін атап өтті.
Жергілікті атқарушы органдар өкілдері мен мердігер компания өкілдері құрылыс жұмыстарының кезеңдері жөнінде толық ақпарат беріп, депутаттардың сұрақтарына жауап берді.
Халық қалаулылары жобаның сапалы әрі уақытылы орындалуына ерекше мән берілетінін жеткізіп, елді мекендерге жаңа электр желілерінің тартылуы – ауыл тұрғындары үшін маңызды қадам екенін атап өтті.