Таза Қазақстан – ортақ жауапкершілік
Қазақстанның болашағы тек экономикалық дамуымен ғана емес, қоршаған ортасының тазалығымен де өлшенеді. «Таза Қазақстан» – қоғамды табиғатты қорғауға, экологиялық мәдениетті көтеруге үндейтін маңызды бастама.
Бұл акцияның мақсаты – туған жерді қоқыстан арылтып қана қоймай, әр азаматтың бойына табиғатты аялау сезімін қалыптастыру. Таза аула, таза көше – таза елдің айнасы.
Жастар мен еріктілердің белсенді қатысуы, ауыл-аймақтарда сенбіліктердің өткізілуі – бұл бастаманың кеңінен қолдау тапқанын көрсетеді. Қарапайым қоқыс жинаудан басталған іс үлкен мәдениетке, ұрпаққа үлгі болатын игі дәстүрге айналуда.
Табиғатты қорғау – болашаққа аманат. Сондықтан әрбір қадамымызды ойланып басып, туған жерімізді таза ұстау – баршамыздың парызы.
Нұрәлі Ахмедин, Байдалы би а/о тұрғыны