Таза Қазақстан – жарқын болашақтың кепілі

Еліміздің ертеңі – бүгінгі табиғатты қорғауымызға байланысты. “Таза Қазақстан” жобасының басты мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны таза ұстау, табиғат байлығын сақтап, болашақ ұрпаққа аман жеткізу.

Азаматтардың әрқайсысы өз ауласын, ауылын, қаласын таза ұстаса, бүкіл еліміздің келбеті көркейеді. Қоршаған ортаны қорғау – тек мемлекет пен арнайы мекемелердің ғана емес, әрбір азаматтың қасиетті борышы.

Таза көшелер, жасыл белдеулер, таза су – денсаулықтың, дамудың және өркениеттің негізі. Сондықтан да “Таза Қазақстан” – ортақ іске жұмылудың, қоғам болып бірлікте еңбек етудің белгісі.

Ардақ Досаева, Орынбай а/о тұрғыны

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *