«Таза табиғат – ортақ міндет»

Табиғат – біздің ортақ үйіміз. Оның әрбір ағашы, әрбір тамшы суы, әрбір тынысы – келер ұрпаққа аманат. «Таза Қазақстан» бастамасы – тек қоқыс жинау науқаны емес, бұл – экологиялық мәдениет пен жауапкершілікті қалыптастырудың үлкен қадамы.

Бүгінгі таңда әрқайсымыз өз ауламызды, көшемізді, ауылымызды таза ұстау арқылы еліміздің болашағына үлес қоса аламыз. Бір ғана пластик бөтелкені дұрыс жою – табиғатқа жасалған үлкен жақсылық. Ал ағаш отырғызу – болашаққа жасалған инвестиция.

Таза ортаны сақтау – мемлекет пен қоғамның ғана емес, әр азаматтың парызы. Өйткені таза табиғат – денсаулықтың кепілі, ал дені сау ұрпақ – қуатты елдің негізі.

Нұрәлі Ахмедин, Байдалы би а/о тұрғыны

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *