Әйел – өмірдің гүлі

Ұлытау облысының ПД көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен облысымыздағы құқық қорғау, сот, ұлттық қауіпсіздік комитеті, төтенше жағдайлар департаменті және басқа да мемлекеттік маңызды қызметтер саласында ер азаматтармен иық тіресе еңбек етіп жүрген аруларға арнап мерекелік іс- шара ұйымдастырды.

Салтанатты іс-шараның ашылуы ПД бастығы, полиция полковнигі Қайыркен Әлиевтің құттықтау сөзінен бастау алып, полиция қызметкерлерінің көпбалалы аналары «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлеріне, сонымен қатар, полиция жолында аянбай еңбек еткен ішкі істер органдарының ардагерлерін марапаттауымен жалғасты.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің қызметтік міндетін адал атқарған, жоғары жетістіктерімен көзге түскен «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен-1, IIM Құрмет грамотасымен-1, ІІМ грамотасымен-1, ІІМ Алғыс хатымен-2 погонды аруларымыз марапатталды.

Кеш барысында полиция қызметкерлері арасында фото-конкурс ұйымдастырылып, жеңімпаздары анықталды. «Ұлытау облысының полиция аруы» байқауының жеңімпазы Жезқазған қаласы полиция басқармасының қызметкері, полиция лейтенанты Аяулым Төлеген атанды.

Марапат соңы эстрада жұлдыздары «Бақай» тобы әндерімен шашу шашып, еліміздің жұлдыздарының құттықтауымен жалғасын тапты.

Қарағанды облысының Б.Бейсенов атындағы тыңдаушылары өз өнерлерін көрсетіп, Бақай тобымен бірге көрермендер арасында лоторея ойыны ойнатылып, жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Мерекелік іс-шара полиция қызметкерлерінен құралған «Ұлытау АРТ» тобының тұсаукесер әні «Ұлытау сақшыларымен» аяқталды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *