ЖАҢААРҚАДА КӨШЕ ЖАРЫҒЫ ЖАҢАРТЫЛУДА
Жаңаарқа кентінде көше жарығын жаңарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бұл мақсатқа 8 млн 790 мың теңге көлемінде қаражат бөлініп, бүгінгі таңда бірқатар көшелерде жаңа жарық тіректерін орнату жұмыстары басталды.
Атап айтқанда, Т.Смайылов, Ж.Орманбаев, С.Сейфуллин, Аралбай батыр көшелерінің жарық бағандары жаңартылып, заманауи талаптарға сай шамдар орнатылуда. Аталған жұмыстардың мердігері – ЖК «Жаңаарқа-Жарық».
Жобаның орындалу барысымен аудан әкімі Қанат Қожықаев арнайы барып танысып, мердігерге және жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар берді. Аудан басшысы тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін түнгі жарықтың маңызы зор екенін атап өтті.
Аталған жөндеу жұмыстары нәтижесінде аудан тұрғындарының өмір сүру сапасы жақсарып, көше қауіпсіздігі арта түседі деп күтілуде.
Аян Естаева, Талдыбұлақ а/о тұрғыны