КӨКТЕМ ҚАНАТЫНДАҒЫ ҚҰДІРЕТ

Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атауының бәрі ананың ақ сүтімен таралады. Қоғамның даму барысын өмірде нәзік, көңілде биік, ал істе мығым әйелдер затысыз көзге елестету мүмкін емес.

Ел басына күн туған сәтте асыл аналарымыз бен аяулы аруларымыз қиындыққа мойымай, ұлт тағдырына араласты. Есіл еңбегімен және ерен ерлігімен танылған аналарымыздың есімдері тарихтан мәңгі есімізде.

Ұлытау облысы полиция департаментінің басшылығы және жеке құрамы атынан барша нәзік жанды арулар қауымын 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасылық бақыт пен қызметтеріңізге сәттілік тілеймін!
Мейрамдарыңыз құтты болсын!
Жер бетіне Ананың мейірімі болып төгілетін шуақ — көктем қанатымен ілесе келетін Құдірет!

Қайыркен ӘЛИЕВ,
Ұлытау облысы полиция департаментінің басшысы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *