Ата-ана мектептегі баласының қауіпсіздігіне алаңдамауы қажет – Үкімет басшысы
1 сәуірге дейін өңір әкімдіктері мектептерді тиісті қауіпсіздік жүйелерімен жабдықтау жұмыстарын аяқтауы қажет. Бұл туралы Әлихан Смайылов айтты.
«Өңірлерде проблемалар әлі де жеткілікті. Бейнебақылау орнатылған мектептердің арасында камералары стандарттар мен техникалық талаптарға сәйкес келмейтін мектептер де бар. 1100-ге жуық мектеп полицияның жедел басқару орталықтарына қосылмаған. Бақылау режимі қатаң сақталмайды», — деді Премьер-Министр.
Ә.Смайылов үш күн мерзімде Үкіметке Балаларды қорғау жөніндегі кешенді жоспардың пысықталған жобасын енгізуді тапсырды.