ЖАҢААРҚАДА XXII ДӘСТҮРЛІ АУЫЛ СПОРТШЫЛАРЫ СПАРТАКИАДАСЫ ӨТТІ
Ақтүбек ауылдық округінде ауыл спортшыларының басын қосқан XXII дәстүрлі Спартакиада жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл спорттық бәсеке – тек салауатты өмір салтын дәріптеу ғана емес, ауылдар арасындағы ынтымақ пен достықты нығайтқан, туған жердің рухын көтерген айтулы шара болды.
Спартакиада аясында 14 ауылдық округтен келген спортшылар 11 спорт түрі бойынша өзара бақ сынасты. Жарыс қорытындысы бойынша:
Бірінші орын – Бидайық ауылдық округі (156 ұпай)
Екінші орын – Жаңаарқа кенті (155 ұпай)
Үшінші орын – Қараағаш ауылдық округі (129 ұпай)
Жекелеген спорт түрлері бойынша жеңімпаздар тізімі:
⚽ Шағын футбол
1 орын – Жаңаарқа кенті
2 орын – С. Сейфуллин
3 орын – Талдыбұлақ
Волейбол (ұлдар)
1 орын – С. Сейфуллин
2 орын – Бидайық
3 орын – Жаңаарқа кенті
Волейбол (қыздар)
1 орын – Жаңаарқа кенті
2 орын – Бидайық
3 орын – М. Жұмажанов
♂️ Қазақ күресі
1 орын – Ақтүбек
2 орын – Талдыбұлақ
3 орын – Қараағаш
♟ Тоғызқұмалақ
1 орын – Түгіскен
2 орын – Жаңаарқа кенті
3 орын – Бидайық
Үстел теннисі
1 орын – Жаңаарқа кенті
2 орын – Түгіскен
3 орын – Бидайық
Қол күресі
1 орын – Жаңаарқа кенті
2 орын – Қараағаш
3 орын – Түгіскен
️♂️ Кір тасын көтеру
1 орын – Түгіскен
2 орын – Қараағаш
3 орын – Бидайық
Асық ату
1 орын – С. Сейфуллин
2 орын – Ақтүбек
3 орын – Бидайық
Ат спорты түрлері (тай жарысы, аламан бәйге, көкпар)
1 орын – Бидайық
2 орын – Қараағаш
3 орын – Ақтау
Жарыстың жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан Ақтүбек ауылдық округі әкімдігіне, аудандық спорт бөліміне, жаттықтырушылар мен жанашыр азаматтарға зор алғыс білдіріледі.
Жаңаарқа – спортты қолдайтын өңір!
Бұл жолғы Спартакиада – соның жарқын дәлелі болды.