ЖАҢА КЕЗЕҢГЕ – ЖАҢА РЕФОРМАЛАРМЕН

Ұлттық өндіріс жолға қойылуы керек
Елімізде қиын жағдай туындағанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын бірлікке, бейбітшілікке, ынтымаққа шақыратын үндеу жолдады. Президент еліміздегі саяси жағдайға тоқтала отырып, алдағы уақытта халқымыздың әлеуетін, экономикамызды көтеруге, жұрттың әл-ауқатын жақсартуға бағыт-бағдар берді. «Ендігі кезекте біз мұндай жағдайға ешқашан жол бермеуіміз қажет», – деп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз үндеуінде нақты атап өтті.

Мемлекет басшысы болашақ міндеттер мен одан әрі дамудың жаңа перспективаларын белгіледі. Сонымен қатар Президент бәрін қалпына келтіруді жеке жауапкершілігіне алатынын, сол арқылы жаңа міндеттер мен реформаларды іске асыруға толық дайын екенін ерекше атап өтті. Президент ел дамуының барлық негізгі бағыттары бойынша іске асырылып жатқан жобаларға сыни және кешенді талдау жасады.
Қазіргі уақытта алдымызда тұрған өте маңызды міндеттердің бірі – еліміз душар болған ауыр қасіреттің себептерін саралап, оның салдарына нақты, объективті баға беру. Бұл уақыт еншісінде. Жұмыссыздық, төмен жалақы мен жоғары табыстағы алшақтықтар сияқты басқа да әлеуметтік қиыншылық жағдайлардан туындаған наразылықтар, халық арасындағы толқулардың қай жағынан болсын теріс салдарлары өте жоғары екенін анық көрсетті. Осыған байланысты өз үндеуінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ендігі кезекте еліміздің жаңа экономикалық тұғырын қалыптастыруды мықтап қолға алу қажеттігін ерекше атап көрсетті.
Біздің экономикалық саясатымыздың мақсаты айқын. Бұл – заман талабына сай әлеуметтік бағыт-бағдары бар нарықтық экономика құру және оны дамыту. Бұл өз кезегінде кәсіпкерлікті толыққанды дамытуға және орта тапты қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сондықтан кәсіпкерлікті дамыту үшін жүйелі жұмыс атқару өте маңызды фактор болып табылады. Осы тұста Президент әділ бәсекелестікті экономика үшін басты талап ретінде қолдап, бағаны ымыраласа отырып белгілеуге жол берілмеу керектігін баса айтты. Сәйкес құрылымдарға осы саладағы жұмыстарды ретке келтіруге, оны реформалау үшін кешенді ұсыныстар іске асып жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *