Ұлытаулық оқушылар республикалық сайыста үздік ондыққа енді

Көкшетау қаласындағы М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғаныс академиясында өткен «Жас құтқарушы» республикалық слетінде Ұлытау облысы алғаш рет қатысып, табысты нәтиже көрсетті.

Облыс намысын Жаңаарқа ауданындағы Бименде Амалбеков атындағы тірек мектебінің 15–17 жас аралығындағы 8 оқушысы қорғады. Олар:

 • Өрт эстафетасы,

 • «Визит карточкасы» таныстыру байқауы,

 • Алғашқы медициналық көмек көрсету,

 • Су айдынында іздестіру-құтқару жұмыстарында жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Сайысқа 200-ге жуық қатысушы қатысқан. Ұлытаулық жас құтқарушылар «Визит карточкасы» номинациясында 3-орынға ие болып, жалпыкомандалық есепте 8-орыннан көрінді.

Бұл — Ұлытау облысы үшін тарихи жетістік. Ал жас құтқарушылар өз кезегінде білім мен дағдыны ұштап, болашақта елге адал қызмет етуге дайын екендерін көрсетті.

Жас батырларымызды құттықтаймыз! Жарқын болашақтарыңызға сәттілік тілейміз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *