Отандық кәсіпорындарды қолдау және өңірлік инвестштабтар: Олжас Бектенов экономикалық өсімді одан әрі қамтамасыз етуге қатысты тапсырмалар берді
Отандық кәсіпорындарды қолдау және өңірлік инвестштабтар: Олжас Бектенов экономикалық өсімді одан әрі қамтамасыз етуге қатысты тапсырмалар берді
Үкімет отырысында Премьер-министр экономика өсімінің оң динамикасын сақтау және оны одан әрі тұрақты дамыту үшін бірқатар тапсырмалар берді.
Негізгі капиталға салынатын инвестициялар мен тікелей шетелдік инвестициялар бойынша нысаналы көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету керектігі атап өтілді.
Осыған байланысты өңірлік инвестициялық штабтардың алаңын белсенді пайдалану міндеті қойылды. Жоғары технологиялық өнім шығару саласында экспортқа бағдарланған жобаларға баса назар аудару тапсырылды. Салалық ведомстволарға өңдеуші өнеркәсіп секторын дамуын қамтамасыз ету бойынша міндеттер жүктелді.
«Өңдеу өнеркәсібінің тұрақты өсуі үшін ұзақ мерзімді тапсырыстармен қамтамасыз ете отырып, отандық кәсіпорындардың өндірістік жүктемесін арттыру керек. Мүдделі мемлекеттік органдар өңдеуге арналған шикізатты әкелу мәселелерін жан-жақты пысықтауға тиіс. Сонымен қатар арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарда тиісті инженерлік, сондай-ақ көлік инфрақұрылымын құру жұмыстарын жеделдету қажет. Осы бағытта халықаралық қаржы ұйымдарының қаражатын неғұрлым белсенді тарту керек»,— деп атап өтті Олжас Бектенов.
➖
Поддержка отечественных предприятий и региональные инвестштабы: Олжас Бектенов дал поручения для продолжения экономроста
На заседании Правительства Премьер-министр дал ряд поручений для сохранения положительной динамики роста экономики и обеспечения ее дальнейшего стабильного развития.
Отмечена необходимость исполнения целевых индикаторов по инвестициям в основной капитал и прямым иностранным инвестициям. В связи с этим поставлена задача по более активному использованию Региональных инвестиционных штабов. Особое внимание поручено уделить экспортоориентированным проектам, направленным на выпуск продукции высокого передела.
Перед профильными ведомствами поставлены задачи по обеспечению развития сектора обрабатывающей промышленности.
«Для устойчивого роста обрабатывающей промышленности требуется наладить повышение уровня загрузки отечественных предприятий, в том числе долгосрочными заказами. Заинтересованными госорганами должны быть проработаны вопросы ввоза сырья для переработки. Также надо ускорить принятие дальнейших мер по созданию соответствующей инженерной и транспортной инфраструктуры на территориях специальных экономических и индустриальных зон. В этом направлении нужно активнее привлекать средства международных финансовых организаций»,– подчеркнул Олжас Бектенов.