Мерейлі отбасы – 2025” байқауының аудандық кезеңі қорытындыланды

6 шілде күні “Тәуелсіздік” саябағында Астана күніне арналған мерекелік іс-шара аясында Жаңаарқа ауданының ішкі саясат бөлімі ұйымдастырған “Мерейлі отбасы – 2025” ұлттық байқауының аудандық кезеңі өз мәресіне жетті.

Отбасылық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған бұл байқау – ел ішіндегі татулық пен сыйластықты, бірлік пен жарасымды өмір салтын насихаттаудың жарқын үлгісі. Салтанатты марапаттау сәтінде ауданымыздағы үлгілі, көпшілікке өнеге болар отбасылар ерекше құрметке бөленді.

Бас жүлде – Қапбасовтар отбасы (Орынбай ауылдық округі)

І орын – Қызыровтар отбасы (Жаңаарқа кенті)

ІІ орын – Жарылғаповтар отбасы (Ақтау ауылдық округі)

ІІІ орын – Қалжановтар отбасы (Байдалы би ауылдық округі) және Асановтар отбасы (Қараағаш ауылдық округі)

Жеңімпаздарға аудан әкімдігінің атынан бағалы сыйлықтар табысталып, ізгі тілектер айтылды.

“Мерейлі отбасы” байқауы – ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, шаңырақ шаттығын ұлықтайтын, қоғамда жарасым мен ізгілік құндылықтарын арттыруға бағытталған маңызды бастама ретінде өзектілігін айқын көрсетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *