Мыңадыр ауылында жаңа 80 орындық мектеп салынып жатыр
Мыңадыр ауылында жаңа 80 орындық мектеп салынып жатыр
Жаңаарқа ауданындағы Мыңадыр стансасында бой көтеріп жатқан 80 орындық жаңа мектептің құрылысы жоспарға сай жүргізілуде. Қазіргі таңда нысанның іргетасы құйылып, қабырғалары көтеріліп жатыр. Жоспар бойынша мектеп 2025 жылдың қыркүйек айында пайдалануға берілмек.
Мыңадыр ауылындағы жаңа мектептің салынуы – жергілікті тұрғындар үшін үлкен қуаныш. Бұған дейін ауылда жобалық қуаты 60 оқушыға арналған шағын мектеп қана жұмыс істеп келген болатын. Алайда қазіргі таңда онда 123 оқушы білім алып жүр. Жаңа нысан бұл мәселені шешіп, балаларға заманауи әрі жайлы оқу ортасын ұсынатын болады.
Аталмыш мектеп құрылысы – Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан маңызды әлеуметтік жобалардың бірі. Нысан заңсыз иемденілген активтерді мемлекет меншігіне қайтару есебінен қаржыландырылуда. Осы мақсатта Үкімет арнайы мемлекеттік қордан 1,2 миллиард теңгеден астам қаражат бөлді.