Қауіпсіз мектеп-бақытты бала
Ұлытау орта мектебінде «Балалар үні» күніне орай «Қауіпсіз мектеп-бақытты бала» тақырыбында оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мақсаты: балалардың жазғы демалыс уақытында өз қауіпсіздігін сақтау дағдыларын қалыптастыру, төтенше жағдайлардың алдын алу, қауіпсіз мінез-құлық ережелерін меңгерту арқылы олардың өмірі мен денсаулығын қорғау