«Бақытты отбасы» жобасының амбассадоры Абильдина Марфуға Бекмырзақызы ауданымыздың мақтанышына айналған – Оқушылар үйінің республикалық, облыстық, аудандық олимпиада жеңімпаздарымен кездесу өткізді.

Бүгін «Халықаралық балаларды қорғау күні» қарсаңында Ұлытау аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі, «Бақытты отбасы» жобасының амбассадоры Абильдина Марфуға Бекмырзақызы ауданымыздың мақтанышына айналған – Оқушылар үйінің республикалық, облыстық, аудандық олимпиада жеңімпаздарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында балалар жетістіктерімен бөлісіп, алдағы жоспарлары мен армандары туралы айтып берді. Марфуға Бекмырзақызы жас дарындарды құттықтап, олардың білімге деген құлшынысына жоғары баға беріп, сәттілік тіледі.
Балалардың табысты болашағы – ел болашағы. Осындай қолдаулар арқылы өскелең ұрпақтың рухын көтеріп, шабыт беретін бастамалар жалғасын таба бермек!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *