Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Ұлытау аудандық мәслихатының депутаты Абильдина Марфуға Бекмырзақызы «Балалар үні» тақырыбында №1 Ұлытау тірек мектебінің жоғарғы сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

Кездесудің басты мақсаты – балалардың өздері үшін маңызды мәселелер бойынша пікірін білдіру мүмкіндігін беру, олардың белсенділігін арттыру, сондай-ақ білім беру ортасы мен ауылдық инфрақұрылымды жақсарту процесіне тарту.
Оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, қоғамдағы өзгерістерге атсалысу жолдары туралы пікір алмасты. Депутат оларға қолдау білдіріп, ұсыныстарын назарға алатынын айтты.
Мұндай ашық форматтағы кездесулер балалардың азаматтық жауапкершілігін арттырып, олардың қоғамдағы рөлін күшейтуге ықпал етеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *