Бағдарымызды белгілейтін құжат

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдаулары – қоғамымыз үшін мемлекеттік деңгейдегі маңызды әрі айтулы оқиға. Халыққа Жолдау – ерекше мазмұндағы құжат. Онда мемлекеттің бірінші тұлғасы ел дамуының ең өзекті мәселелерін белгілейді, оларды шешудің нақты жолдары мен шараларын көрсетеді, қоғамның одан әрі үдемелі дамуының стратегиялық бағдарлары мен бағыттарын белгілейді. Жолдауда алға қойылған міндеттердің, айтылған мақсаттардың логикалық жалғасы көрсетілді. Содан кейін Мемлекет басшысы басталған реформалар үдерістің басы ғана екенін, олар жалғасын тауып, тереңдей түсетінін бірнеше рет қайталады. Ал елдегі және әлемдегі барлық қиындықтарға қарамастан, қоғамды демократияландыру бағытында саяси реформалар жалғаса беретіні көңіл қуантады. Мемлекет басшысының әр Жолдауында жастарға жан-жақты қолдау көрсетілетіні жөнінде айтылып келеді. Жастар қандай білім алса да, қандай кәсіп бастаса да мемлекет тарапынан қолдау барын сезінуі тиіс. Қазір ғылымды игеріп, кәсібін дамытып, тек алға қадам басатын кезең. Жас буын жасампаз болса, елдің болашағы да жарқын болары сөзсіз. Жолдаудың түпкі мақсаты – әлеуметтік әділеттілік орнату. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы – мемлекеттілікті одан әрі нығайтуды, азаматтардың құқықтарын қорғауды жетілдіруді және халықтың әл-ауқатын арттыруды көздейтін маңызды құжат. Жалпы ел Президенті Президент еліміздің саяси өмірінің барлық дерлік саласын қамтыды. Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы қоғамда көп жылдар бойы жинақталған үмітті айтарлықтай дәрежеде көрсетіп, Қазақстан халқының болашаққа деген үлкен оптимизмін тудырғаны сөзсіз. Ал Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен ел дамуының таяу жылдарға арналған барлық басымды міндеттері сәтті жүзеге асатынына біз күмән келтірмейміз.

Зейнеп Елешова, Б.Амалбеков атындағы ТМ 11 сынып оқушысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *